Ескі архив · 22.09.2011 22:36

Әйт, шуу, Алматы!

Иә, атымды ерттеп мініп Алматыма аттанып барам, алақай! Алматының тура үш жазын (маусымын) көрмеппін. Аттай он күн бойы «Алатау» санаторийінде аунап-қунап қайтсам....арман не?! Әзірге іссапармен бара жатырған жайым бар. Қым-қуыт тіршілік осы кезге дейін өзімізді ерттеп мініп, «Гладиаторларша шапылдасу» шайқасына да жете алмадым /таймкипер мырза, кечроң/. Болашақта дуельге шығатындарың болса, жаушы жіберерсіңдер. Әзірге өз позициясын мыхттты қорғап, қамшы салдырмай шыққандардың құрметіне шампан! 23-24 күні сіңлімнің тойын өткізіп, 25 қыркүйек күні бұйырса түсте Алматыда болам. Жұмыс діңкелетіп жіберсе де, әлі «чудо чемоданым» жиналмаса да, көңілім Қара теңіздей шалқулы. Құрбы-құрдас, курстастарды көруге деген дәмем Даранг өзеніндей. Тағы бір қуантатыны дәл мен барған кезде Театрлар фестивалі басталады екен, қойылымдардың басым көпшілігі ТЮЗ-да болатын көрінеді /керектік театрсүйер қауымның құлағына алтын сырға/. Уақыт тауып қойылым тамашалауға барсам деп жоспарлап қойдым ойша. Келгенше «Керекке» кіруге уақыт таршылық қылатын шығар, көріскенше, Керекинфо!
Авторы:
19852407

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту