Ескі архив · 26.09.2011 09:59

Асығыс жасалған жоба!

«Екі жұлдыз» басталды тағы да. Нешіншісі екенінен шатасып қалдым шынымды айтсам. Әрбір жерінен бақылайтынмын бұрындары да(Бір қатын, бір телебзірге қараған күнің құрысын!). Асығыс жасалғаны көрініп тұр. Жанболат пен Жазира.Неге олар? Ол кісілер онсызда бірге ән айтып жүрген жарасымды жұп қой. Қызықтырақ болар еді, егер: Қыдырәлі мен Жазираны, Жанболат пен Қарақатты жұптастырса...«А-лау» дует жайлы да осыны айтар ем… Сосын немене еді… Жүргізушілер. Біздің арналар шоу бағдарламалардың жүргізушілеріне қашан жарып еді. Біреуі дұрыс болса, екіншісі әйтеуір қиыс болатын әдетіміз ғой. Нұрлан Абдуллин боксты ма ережесіз төбелесті ме жақсы жүргізетін шығар, ал мына бағдарламаға келмейтін секілді…
Авторы:
Abilakim

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту