Ескі архив · 26.09.2011 17:55

"Мәдениет" арнасы жұмысын бастады

26 қыркүйек күні көрерменге жол тартатын жаңа мәдени-ағартушылық «Мәдениет» телеарнасының көздеген мақсаты: Қазақстанның ауқымы кең аудиториясына отандық және әлемдік мәдениет жауһарларын кеңінен таныстыру. Қазақстанның тарихи және мәдени мұрасын сақтау, тілдік ортаны дамыту, рухани құндылықтарды насихаттау. Көрерменнің талғамын көтеру және жан-жақты дүниетанымын арттыру. Жаңа арнадан эфирге ұсынылатын жобалардың бағыты: Телеэнциклопедиялар; Қазақ киносының үздік туындылары; Әлемдік киноматографияның озық үлгілері; Ағартушылық бағдарламалар; Тарихи-өмірбаяндық бағдарламалар; Ғылыми-танымдық тележобалар; Өнер жайлы бағдарламалар; Опера және концерттер; Телеспектакльдер мен балет қойылымдары; Деректі фильмдер; Халқымыздың дәстүрлі өнері; Онлайн kaztrk.kz/kaz/tema_dnya/Ulttik_kundiliktardin_ajnasi_-_Madeniet_telearnasi.html
Авторы:
arshatoraz

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту