Ескі архив · 26.09.2011 01:31

Сисадминді наққа жібереміз!ба?ба?ба?

Құрметті Керектіктер! Тәәәәк бүгін не бүлдірдім? Негізі ешнәрсе! Мұнда Windows 7-нің кішігірім жыртығын таптым десем, асылық боп кетпес пе екен (мүмкін алдын байқағандар да бар шығар)! Кейде бір интернет кафелерге барғанда немесе жұмыс орныңызда бір программаларды орнатайын десеңіз Гость режимінде немеме Админ тарапынан шектеу болғандықтан орнатылымға рұқсат етілмей қаныңызды ішіп бітіреді. Ондай жағдайда көп мәселені былайша оп-оңай шешесіз! 1) Керекті программаңыздың .exe немесе жалпы орнатылу файлын көшіріп аласыз. Оны орнатам деп қанша талпынғанмен ешқандай да пайда жоқ, бәрібір «сіз Қонақсыз» немесе «Бұл бағдарламаның топтық политикаға байланысты қосылуы мүмкін емес, сисадмин деген бұтақбасқа хабарласыңыз» деген ескертулер шығып, сізді көз алдыңызда оңдырмай наққа жібереді. 2) Біз мұнымен тоқтап қалмаймыз. Көшірген файлыңызды .zip форматында архивтейсіз. 3) Сөйтіп архивті ашамыз, және архивтің ішінен .exe файлды жүгіртіп жібереміз! 4) Ары қарай түсінікті ғой, Далее, Малее, анау мынау! Міне, осылайша Сисадминді әдемілеп тұрып наққа жібереміз Жұмысында малагент орната алмай жүрген амиголар үшін Назарларыңызға рақмет, айналайындар! Ал біржолата құлату үшін Zilola ның құрметіне мына сазды сәлемді тарту етеміз
Авторы:
blackbeard

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту