Ескі архив · 27.09.2011 17:54

«Аватар» кейіпкерлерінің прототипі – көшпелі түркілер

Америкалық режиссер Джеймс Кәмеронның «Аватар» фильміндегі на'ви аталатын Пандора ғаламшарының ойдан алынған тұрғындары Кіндік Азияның көшпелі түркілері көрінеді. Қазақ этнографы Әліби Жамалкин адамзат тарихындағы ең кассалық фильм кейіпкерлеріне зер сала отырып, осындай қорытындыға келіп отыр. Ол ежелгі ғұндар Пандора гуманоидтары секілді бет ауыздарын әлеміштейтін болғандығын тілге тиек етеді. Ежелгі замандарда түркілер беттерінің жоғарғы бөлігін қарамен, төменгі бөлігін қызылмен бояған. Кейінірек ғұндар Рим империясына жорық кезінде жүздерін көгала ете бояған.Римдіктер оларды, тіпті, пикттер (picti – сурет салу) атаған. Ал Хакасияда табылған Таштық құлыптас бетперделері, ежелгі ғұндар мен «Аватар» фильміндегі гуманоидтардың дәл ме дәл ұқсастығын көрсетеді. «Дәл сондай ұзарта қиғаш бейнеленген әрі үлкен көздері мен ат жақты беттері аумайды», — дейді тарихшы. Маманның айтуынша, тіпті, экраннан берілген на'ви тілінің өзі көшпелі түркі тайпаларының ежелгі диалектеріне барынша ұқсас көрінеді. «Олар бірі бірімен сәлемдесе отырып, бір біріне: «Мен сені көрем» дейді. Бұл далалықтардың — «мен сенi жақсы көремін» дегені емей немене?!» «Ал, гуманодтар көсемінің есімі — Айтукан. Бұл қазақтың әдемі есімдерінің нағыз өзі: Айтуған!», — деп мәлім етті Әліби Жамалкин мырза. Қазақ этнотанушы, бұған қоса, на'вилердің қарулары көшпелі әскердің атрибуттарынан аумайтындығын келтіреді. Себебі, Джеймс Кәмерон фильміндегі персонаждар негізгі қару ретінде садақ ұстайды. Жуырда Алматыға «Аватар» фильмінің басты рөлін ойнаған Сигурни Уивер келіп кетті. Ол ежелгі көшпелі түркілердің тарихи отанына «Евразия» кинофестивалі аясында сапарлап келген еді. Уивер жария-мәслихат барысында өзінің келесі рөлі Жер тағдырында маңызды орын аларлық кинотаспа болатынын мәлім етті. Дерек көзі — Маса.кз
Авторы:
qisyq

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту