Қазақ киносының тілі жаңа стиль ме?
Қазір жаңа қазақша сериал болып жатыр, Болашақ деген. Қазақша. Қазақша болғаны жақсы ғой, бірақ неге сөздері сондай жасанды болып көрінеді?
Жалғыз бұл сериал емес, соңғы жылдардағы қазақша кинолардың көпшілігі сондай. Жетімдер, Жаралы жүрек, Ағайындылар, Жерұйық, астанаға көктем кеш келеді… бұл тізімді жалғастыра беруге болады.
Маған ұнамағаны неге қазақша жасанды сөйлейді? Неге соншама әдеби тілде сөйлейді?
Театр мен кино екеуі екі түрлі нәрсе емес пе? Неге актерлар театрдағыдай ойнайды, сөйлейді?
Әлде барлық мәселе ақшаға тіреледі ме? Ақшасына қарай сапасы принципі ме? Арзан актерлер, арзан сценаристер, арзан кино ма?
Мүмкін бұл жаңа жанр, жаңа стиль шығар?
сурет kaztrk.kz
