Ескі архив · 27.09.2011 15:10

Белгілі сазгер Ержан Серікбаев қаза тапты...

Қазақ өнері тағы да қайғы жамылды. Әнші-сазгер Ержан Серікбаев кеше кешкісін 50 жасқа толған шағында жол апатынан қаза тапты. Ол осы оқиғадан бір күн бұрын ғана Алматыдан туған жері – Арыс қаласына асығып аттанған екен. Сазгерді сонда көлік қағып кеткен. 70-тен аса ән жазған Ержан Серікбаевтің «Шымкенттің салқын сырасы» қалжың әні халық ішінде кеңінен таралды. Оның “Қала”, «Көтерейік, кәне, достар», «Інжу маржан», «Алматы таңы», “Қазақ жігіттері” сияқты шығармалары ел сүйіп тыңдайтын тамаша туындыларға айналды. Марқұмның артында 70-тен асқан анасы, жұбайы мен ұлы қалды.
Авторы:
User

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту