Ескі архив · 27.09.2011 14:19

Құлаққап пен наушниктің айырмашылығы не?

Бүгін таңертең Қазақстан арнасыдағы Таңшолпан бағдарламасын көріп отқам. Наушниктің хикаясын айтып жатыр. Былай болған, былай болған деп кішігірім тарихын айтып жатыр енді. Сөйтіп, басында құлаққап деп жатқан ғой, бір кезде наушник деп қалды да, мен қателесіп айтқан шығар деп ойладым. Бір кезде тағы айтты, сосын тағы айтты. Очм не керек құлаққап пен наушник сөздерін араластырып айтып жатыр. Басында құлаққап деген наушник шығар деп отқам, сосын бұл ойыма күмәндана бастадым. Сонда құлаққап деген не?
Авторы:
Onlasyn

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту