Манчестер Юнайтед әлемдегі ең қымбат спорттық бренд болып танылды
Манчестер Юнайтед әлемдегі ең қымбат спорттық бренд болып танылды. Brand Finance агенттігіне сүйенсек клубтың брендінің құны 2005-2011 жылдар аралығында 109 пайызға өсіп, 412 миллион фунт стерлингке жетіпті.
2011 жылы аталмыш клубтың кірісі рекордтық соманы — 110 миллион фунтты құраған. Клубтың әлемдегі танымал Nike, Aon, Audi және DHL сияқты брендтермен 20 шақты келісім шарттары бар.
2010-2011 жылғы АПЛ чемпионы болғаннан кейін Манчестер Юнайтед ағылшынның ең сәтті клубы болып танылды. Манкуниандықтар Англияның 19 дүркін чемпионы атанып, бұл орайда Ливерпульды артқа қалдырды.
