ВКМ сияқты шпагатқа отыру үшін не істеу керек?
Шпагатка отыру немесе өзімізше айтсақ, VKM сияқты отыру әр адам мен адамтектестердің аяқтарынан келетін шаруа екені Марстан анық. Бірақ ол әр адамда әр түрлі уақыт аралығында іске асады. Мәселенкей, Қарасақ мен Конвикст сияқты бұтағы қатпағандардың шпагатқа отырулары оңай болады. ал Мен не ҚЫЛИЗАМАН сияқты шалдардың шпагатқа отырулары қиын шаруа болады. Бірақ уақыт көрсетер жатар барлығын. Айтайын дегенім бұл емес…
ВКМ секілді шпагатқа отырамын дегендерге берер тегін кеңес мынадай:
Бір тұяғыңызды (аяғыныңызды) алға созып, қолыңызды артқа қайырыңыз да білектеріңізден ұстаңыз. Иықтарыңызды артқа керіп, кеудеңізді түк ұстаңыз да қайта жіберіңіз. Жаттығуды қайта қайта қайталаңыз қайтадан.
Еңкейіп тұрып саусақтарыңызбен башпайларыңыз ұстаңыз. Осыны бірнеше рет қайталаңыз. Екі аяққа кезегімен жасауға болады.
Аяқтарыңызды екі жаққа керіп, шпагаттың жеңіл түрін жасап бастаңыз. Абайлаңыз, бұтыңыз айырылып кетпесін Бұл жаттығуды екі аяққа кезегімен дежасауға болады. Екі аяғыңыды екі жаққа керіп қойып кеудеңізбен еденге жатыңыз.
Бұл жаттығулар шпагатқа отырудағы ең негізгі фундамент болып шығады. Сұрақтарыңыз болса, жаза отырыңыздар.
Сюрет алынған жер: strana-sovetov.com
