Ескі архив · 28.09.2011 16:48

Замана-ZIP

XIX ғасыр — Ооооо, шықпағыр көзім, мынауың Бөрібайдың АҚИы ғой! Ассалаумағалейкүүүүүүүм! — Төрден танып біреу түрегелмесе, үлкен басыммен табалдырыққа қалай жайғасам деп уайымдап келе жатқанда, өзіңнің кездескенің қандай жақсы болды, Әбеке! Уағалейкүммүссәләм! Ал ет пен шәйдің әңгімесін айта бер, не жаңалық? — Не әңгіме болушы ед, өзің көргендегі сол отырыстан әлі отырыс осы жерде. Шөбі шүйгін, су мөлдір болса қозғалып не жыным бар деп ойладым-дағы. Өзіңде не жаңалық? — Жазған құлда шаршау жоқ дейтін бе еді, сол жүгіріс қой біздікі де, Сәмбеттің баласы болыс шығам деп, ылаңды салып баяғы. Біз не дейік, аузы қисық болса да байдың баласы сөйлейсін деп, шашбауын көтеріп ала жүгірген бетіміз. XX ғасыр -Самкім. -Уағли. Не жаңалық? — Сол, ауылда отырған, қой мен жылқы баяғы. Өзің ше? — Сайлауда жүрген сол. XXI ғасыр — @AKY? ))) — @Abilakim??? (((
Авторы:
satibaldi

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту