Ескі архив · 01.10.2011 11:38

Ұстазым.

1. Тұлғаңды арманыма ұқсатқанмын, Үлгіңді көңіліме қыстатқанмын. Есімде, әліппені жаттатқызып, Ең алғаш қолға қалам ұстатқаның. Қайырмасы: Ұстазым менің, ұстазым, Өзіңмен өткен қыс-жазым. Қалдырған ізің мәңгілік, Жадымда тұрар жаңғырып. Ұстазым менің, ұстазым… 2.Көзімді сен ашпасаң, не етер едім? Өмірден сыбағасыз өтер едім. Ғажайып дүниенің сырын жайып, Қияға қызықтырып жетеледің…
Авторы:
AKY

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту