Ескі архив · 02.10.2011 21:50

Қазақ тілі бай тіл ме?

"Қазақ тілі әлемдегі ең бай, тың, құнарлы, пайдалы, шұрайлы, ......" деп келетін асыра сілтеп мақтайтын ана тіліміз, яғни қазақ тілі бай тілге жата ма? 1) Қазақ тілі — бай тіл, өйткені бұл сөзді айтатын адам қазақ тілінен басқа тілдерді білмейді. Олай болса, өмірлік құралы болған қазақ тілі бай болмағанда, қай тіл бай болсын?! 2) Қазақ тілін бай тілдердің қатарына жатқызу әлемнің басқа да бай тілдеріне жасалған қиянат болар еді. Бай мұрасы мен беделі бар ағылшын, француз, испан, неміс және орыс тілдерінің қатарына қазақ тілін қосуға болмайды. Жер бетінде 9-10 миллиондай-ақ адам сөйлейтін тіл кемінде 100 миллион адам сөйлейтін тілмен қалайша дәрежелес бола алсын?! 3) Қазақ тілі — бай тіл, өйткені мен елімнің патриотымын деген көтриоттық жауап та бар. Мынадай жауап беретіндер миларына аз да болса салмақ салып, әлемде қазақ тілінен басқа мыңдаған тілдердің бар екендігін рйлай алмайды. 4) Қазақ тілі ғылымды қазақша сөйлете алмады, өйткені қазақтың ғылымы дамымады. Ғылым дамымаса, ғылыми ашылулар болмаса, ғылыми тіл дамымайды. Ғылыми тіл — тілдің салмақты бір тармағы. Салмақты тармағы жоқ тілдің бай тіл болуы мүмкін бе?! Меніңше, мүмкін емес. 5) "Қазақ тілі — бай тіл, өйткені бұл тілде Абай мен Шәкәрім, Ахмет пен Сәкен,… сөйлеген" дейді. Сонда, басқа тілдерде жоғарыдағыдай ұлы адамдар сөйлемепті ме? Өтірік қой. Қазақ тілін қазақтан шыққан тұлғалардың танымалдылымен бай етіп көрсету мүмкін емес. 6) Қазақ тілінің дәрежесін тек әдеби тілмен өлшеп жатамыз. Бірақ тіл тек поэма, пожзия немесе түрлі көркем әдеби шығармалардан тұрмайды. Қырқсам Көп әріп жазып кетпес үшін қысқа қайырайын. Меніңше, қазақ тілін бай тілдердің қатарына жатқызу дұрыс емес. Өйткені ол бай тіл емес. Оның кей себептерін жоғарыда жаздым. Тағы бір себебі мынада: қазақ тілі әлемдік өркениет пен ғылымға, яғни ағылшылтілді түпнұсқалық ортаға тікелей емес, орыс тілі арқылы шығады. Бұл дегеніміз қазақ тілінің аталған екі құндылыққа жету үшін әлі де болса орыс тілінің көлеңкесін пана тұтып жатқандығын көрсетеді. Өз ойларыңызды жаза отырыңыздар, талқылайық.
Авторы:
Zako

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту