Ескі архив · 03.10.2011 11:30

Ақша өнердің дамуына кедергі ме?

Ақшаның көптігі өнердің дамуына кедергі ме? Өнерді дамытудың орнына керісінше оны тежей ме? Мен бүгін қазіргі күлкі театрлары және қазақы әзіл туралы айтқым келіп отыр. Менің ойымша күлкі арзандап кетті. Театрлардың саны көп, сапасы жоқ. Бұрын тек Тамаша ғана бар еді. Ол жерге тек ең үздіктер ғана шығушы еді. Актерлар шынымен өнер адамдары еді. Ал қазір ше? Бауыржан Тамашадан бөлініп шыққанан кейін басталды неше түрлі театрлардың көбеюі. Ешкім ешкімнің қоластында істегісі келмеді ме, әлде жаңа стиль жаратқысы келді ме? Себептері көп шығар. Бірақ, басты себептердің бірі ақша деп ойлаймын. Яғни, ақшаның көптігі театрлардың көбеюіне әкеп соқтырды. Нәтижесінде театр құрамдарында сапасыз актерлар, сапасыз сценарий, сапасыз әзіл. Соңғы жылдары мұндай театрларды қарамай кеттім. Жақында үйге базардан дискісі әкелінгесін шамалы қарап көрдім. Түк өзгеріс жоқ. Сол баяғы айқайлап сөйлеу, халатпен шығатын топас әйел, алқаш күйеу, қатын-кемпір болып киінетін еркектер, тілін шайнап сөйлейтін қыз… Бірақ, осыған халық барады ғой. Неге? Өйткені шыны керек біздің халықтың әзіл түсіну деңгейі төмен. Әзіл жіңішке болмауы керек, қалың, көзге көрінетін болуы керек. Ал мындай театрларда әзіл сондай. Көрерменге тіпті визуал көріністің өзі жетіп жатыр. Киімі, бет-аузы, жүрісі күлкілі болса да болады сөзі күлкілі болмаса да. Қысқасы, ақша осы қазақша әзілдің дамуын тоқтатты деп ойлаймын. Сіздің пікіріңіз?
Авторы:
arshatoraz

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту