Ата-ана №1, ата-ана №2...
Британияда екі аптадан соң «жыныстық азшылықтардың» жанайқайына құлақ түрген атқамінерлер балалардың туылуы туралы куәліктерінде "әкесі", «шешесі» деген тармақтарды «ата-ана №1» және «ата-ана №2» етіп өзгертуді ұйғарды. АҚШ-та да бұл мәселе көтеріле қап еді, консерваторлық ұстанымдағылар мен шіркеу қызметкерлері азшылықтардың сойылын соғушыларды сабырландырыпты. Нәтижесінде, екі түрлі нұсқа қолданылатын болыпты: «шешесі немесе нөмірі бірінші ата-ана» және "әкесі немесе нөмірі екінші ата-ана".
Біздің мәжіліскерлер өткен аптада біржынысты отбасыларды заңдастыруға үзілді-кесілді қарсылық білдіргендері есімізде. Азғындауды заң жүзінде мойындау деген, әйтпесе, не сұмдық…
