Ескі архив · 03.10.2011 09:49

«Махаббат пен жаза» немен бітеді? (Видео)

Сериалды үзбей көрушілерге арналады. 62 сериядан тұратын сериалдың соңы немен бітетінін білгіңіз келсе, ары қарай оқыңыз. Чичек Савашпен ресми айрылысып, Балдар холдингке қаржы директоры болып келген Хаканға тұрмысқа шығады. Хаканның тұйық қызы алғашында бұл одаққа қарсылық танытқанымен, кейін әкесінің таңдауын қолдайды. Назан ақыр түбінде Бораның әрекеттері құйтырқы болғанын ұғады. Жымысқы пиғылды одан кетіп, өз үйіндегілеріне барып қосылады. Түпнұсқада Назанның Музафферден туылған баласының аты Боран емес, Баран. Пала мен келіншегінің арасында түсініспеушіліктер туындайды. Бірақ кейіннен олқылықтың қыртысы жазылып, қайта қосылады. Саваштың әкесінің Шахнұрдан басқа өзге келіншектен туылған ағасы табылады. Ясмин (түрікше түпнұсқада Ясемин) Савашпен табысып, олардың үйіне көшеді Өмермен. Явуз қыр-соңдарынан қалмайды. Бірталай қырсық әрекеттер жасалады. Түптің түбінде Явуз оққа ұшады. Савашқа оқ жаудырайын деп жатқан сәтте. Саваш пен Ясминнің Өмерден кейін Масал атты қызы туылады. Қос ғашық тату-тәтті ұзақ өмір сүріп, мақсат-мұраттарына жетеді. Сериалдың соңғы эпизодтарын тамашалағысы келетіндерге:
Авторы:
Nurgisa

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту