Ескі архив · 03.10.2011 13:25

Жазба неге құсық? (4-ші және соңғы бөлім)

Жазба оқырманның қиялын қоздырмайды. Алғысөз Омарбыраттың кейбір жазбаларында мықты теңеулер мен сөз ойындарын қарап көріңіз. Немесе, Дәруіштердің әңгімелері адамның қиялын оятады. Олар кез-келген әңгімесін, мейлің ол әскери құпиялар жайлы болсын, киноталдау болсын, мейлің аңқылдақ арзан әзіл болсын, қыңқылдаған қымбат қайғы болсын образдық суреттеуді кеңінен қолданып, ішкі сезімдерін бейнелеуде еш аянбайды. Өкінішке орай, Дәруіштердің жазбаларының көбі қызықты болуы «олардың фишкасында», яғни «боқтықпен сөйлеу мәнерінде» деп ойлайтындар да бар екен. Жедел-жәрдем Көңіл күйді суреттегенде, немесе қиын терминдер мен құбылыстарды тілге тиек еткенде теңеулерге, салыстырулар мен тұрақты тіркестерді қолданудан қорықпау керек. Тіпті ең ақылға сыйымсыз, қисынға келмейтіні болса да. Әйгілі Альберт Эйнштейн, ойына бір идея келгенде оның соншалықты абсурд болғанына таң қалып, ішек-сілесі қатып күлетін көрінеді. Артқысөз (резюме) Ия, бәріміз жабылып, әр қайсымыз өз талғамымызға сай түрлі талаптар тізуге болатын еді. Бірақ тақырып мақсаты сізді мықты жазушы қылу емес, тым болмағанда ешкім оқымайтын мұңайған боқ жазып, сан соғудан сақтандыруға арналған. Кәсіби жазушылыққа бойламай-ақ әр жазбаңызды қызық қылғыңыз келсе, 1) Жаңа ақпарат ұсыныңыз 2) Сылдыр суды көбейтпей, нақты және бөліп-бөліп жазыңыз 3) Әңгімеге арқау болатындай етіп жазыңыз 4) Адамның қиял/фантазиясын оятыңыз Осы 4- себепке жадыңыздан бір мегабайт орын бөліп, әр жазба жазғанда есіңізге салып тұрсаңыз, тіпті ең ақымақ ойларыңыз бен ең іш пыстырарлық жазбаларыңыз әрлене түсіп, блогосфераға біршама жағымды өзгерістер енгізетініне сенемін. сурет: www.proza.ru
Авторы:
Gastarbaiter

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту