Ескі архив · 03.10.2011 07:31

Жазба неге "құсық" болады? (3-ші бөлім)

Жазба әңгімеге/талқыға арқау болмайды. Кейде, жазармандар «құсық» деген сыни пікірге зар болып қалатын жайттар кездеседі. Яғни «ешкім оқумайд». Ондайда, басқа никпен тіркеліп, өзіңнің жазбаңа өзің комент жазу сияқты азғын тірліктер абырой бере қоймайды. «Болса жақсы, болмаса несі жақсы» түріндегі құнсыз қоқыс пікірлердің боғауыз құрлы күші болмайтыны сондықтан. Жазбаңыздың астын коментке толтырудың түрлі әдістері бар, біреуді түртпектеуден бастап, намысқа тию, ешкім күтпеген пікір жазу. Ерекше атап өтерлігі: басы кез-келген интеллектуалды пікірталастан басталып, ал аяғы «кімнің әлгі жері үлкенірек» деген жасырын тақырыптағы өзара боқжағыстарды атап өткен вокзал. Пайдасыз пікірталастар көбіне дін, мораль, тәрбие, және т.б. талғамдық мәселелерде, мыс: қай киножанр/спорт/университет/қала «мықты» деген тақырыптарда пайда болады. Міндетті түрде жеке бас қозғалады. Әйтсе де, әңгіме тудырудың деликатты, бірақ мықты әдістері де бар. Мәселен, оқырманды тақырып аясын кеңейтуге, өз тәжірибесімен бөлісуге, немесе керісінше түпкі мәніне үңілуге итермелеу. Бұндай тақырыптарда, пікірталас жазбаны толықтай түседі, мән-мағынасын арттыра түседі.
Авторы:
Gastarbaiter

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту