Ескі архив · 04.10.2011 17:40

Еріккен ойлар: Біз қандаймыз (Саммитадан жеткен эстафета)

sammita бастаған эстафетаны ары қарай жалғастырайын. Ұнайды: тыныштық, жақсы дос, аэропорт, көтеріңкі көңіл-күй, жақсылықты күту, Call of Duty: Modern Warfare 2, теміржол вокзалы, қызымның ұйқыдан оятқаны, нөсер жаңбыр, жұмыс, қарбалас, түнгі «шабашкі», темекі, Борис Акунин кітаптары, кино қарау, сенбі, тазы, саяхаттау, тау, табыс, кофе, сапалы фильмдер, Кейт Бланшетт, достармен кездесу, өзімнің ноутбугым, Әлияның асқан еті мен жасаған бутербродтары, Түргеннің ауасы, футболдан Франция құрама командасы, қылқан жапырақты орман, т.б. Ұнамайды: белгісіздік, мәдениеттен жұрдайлар, күмән-күдік, кішкентай иттер, қақпашымен бірге-бір шығып соға алмай қалу, ұйқының қанбауы, ихтиандр, тротуарға түкіру, өркөкіректік, бюрократтық, вакуумдық емес қарапайым құлақтықтар, жексенбі, аквариум автобустар (терезелері ашылмайтын), Cryzis, әсіреидеологтар, т.б. Эстафетаның таяғын Aikona ға лақтырдым.
Авторы:
qisyq

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту