Ескі архив · 04.10.2011 17:05

Еріккен ойлар: Біз қандаймыз (типа эстафета)

Ұнайды: жылы жаңбыр, қою кофе, қоңыр-шоколад-күлгін түстер, дәрігерлер, көлік жүргізушілер, рок, былғары, күдері (замша), салмақты адамдар, білімқұмарлар, қолсағат, ресей фильмдері, тихий час, көліктер, жылдамдық, таңғы музыка, глянец журналдар, газет, Астанада Желтоқсан, Жангелдин көш-і, кейде жалғыз қалу, ерте ояну, ақ-қызғылт гүлдер, шаруақор әйелдер, мәтін теру, Керектің кей қолданушылары), қарағай-қайың, боран, энциклопедиялар, дүкен аралау, қара-көк шаш бояуы, Dior косметика өнімдері, су, театр, кешкі жаңбыр, дискілер, алма, құлпынай, қымыз, капуста, спортпен айналысатындар, ауылдағы көршілерім, криминалдық жанр т.б. Ұнамайды: жүзік, факстың дыбысы, шетел кинолары, тарихи кітаптар, таңғы мылжың-ми ашытар әңгіме, аптап ыстық, автобуста соткімен өсек соғатындар, қып-қызыл, жолақты түстер, тым салиқалы әңгімелер, математика, берекесіз табыс, инет ақтару, бірқалыпты тірлік, сауысқан, павильон дүкендер, мақтану, қонаққа бару, саудагерлер, әңгімешіл таксистер, үлкен айна, қолшатыр, арақ-шарап, жүзім, қара өрік, піскен сәбіз, макарон, күріш, көп әріп, қажетсіз дүние жинайтындар т.б. Эстафета таяғы @qisyq -тың басына тиді.
Авторы:
sammita

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту