Ескі архив · 04.10.2011 12:42

Еркекке алтын харам ба?

«Еркекке алтын тағу, жібек киім кию харам» деді маған дін үйреткендер кезінде. «Неге» дегенімде «екеуі де еркек организміне зиян екен» деді. Жақында бір орыс досым келді, көптен көрмей біраз сөйлестік. Үйленген екен. Алтын сақина таққан саусағының айналасы жара болып кеткен. Тақпайын десем әйелім ренжиді дейді. Мен оған мұсылмандар денеге зиян болғасын алтын тақпайтынын айттым. Ол да басқа қолдарындағы күмісті көрсетіп, «бұл жерлерде жара жоқ» дейді. Кейін ойландым шынымен исламда алтын мен жібек туралы не деген екен деп. Медицинаға қатысты ештеңе таба алмадым, орыстардан да түріктерден де. Барлық жерде алтынның қымбат металл екенін, еркектер де таға берсе ысырап болатыны туралы жазылған. Денеге зиян деп еш жерде жазылмаған. Әлде мен дұрыс іздемедім бе? Бірақ, діни емес ресурстарда алтынның еркек организміне зияны, әйел организміне пайдасы туралы жазылған. Ол енді металлдың химиялық қасиетіне және еркек пен әйелдің ерекшеліктеріне байланысты нәрсе. Неге осы ғалымдардың айтқаны исламда бұрын жазлымады екен деп ойладым да қойдым.
Авторы:
arshatoraz

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту