Ескі архив · 04.10.2011 21:01

Кая Калпа

Неге екенін қайдам, бірақ басым жиі ауырады. Кураторым йогаға бар деп бірнеше айтса да әні барам, міне барам деп жүргенімде бір жыл өтіп кетіпті Содан несін сұрайсыз, жол түсіп бір орталыққа барғаным. Қызметкерден алынған мәлімет бойынша йоганың мақсаты дене саулығын арттыру болғасын қызығушылығым оянып, барып көрмек болдым. Содан не болды дейсіз ғой, айтылған уақытында барып алып не боларын күтіп, жан-жағыма қарап отырдым. Кісі мұндай көп болар ма, жасы да, кәрісі де, әйелі де, еркегі де. Ағылшын тобына кісі жиналсын деп күтіп, межеленген уақыттан кеш бастадық. Көп әңгіме айтып уақытыңызды алып қайтейін, тоқ етерін айталын. Кая Калпа деп аталатын бұл йога «дененің өміршеңдігі» дегенді білдіреді. Жаттығулар қиын да, көп те емес. Бар әңгіме қай жеріңізбен істейтініңізде. Басты назарда «анус». Нәтижесінде не болмақ дейсіз ғой, өмір жасыңыз ұзарады, жастығыңыз арта түседі, сондай-ақ, ер кісілердің потенциясы артып, әйелдердің ләззаты ұзара түседі екен. Төрт сағат лекция оқығанда не айтты десеңізші, мұндай шебер болу керек қой, өмірлік қуат, адамның өміршендігі, ойлай мен қабылдаудың маңыздылығы т.с.с. Жаттығулар ана нәрсемен байланысты екенін әсте де ойламайсыз ғой Кетіп қалуға ұят, өзі ұзақ күтіп басталған йога болғасын аяғына дейін болдым. Менімен бірге бір отбасылық жұп болды, олардың бұл йогаға қызыққаны соншалық, балдарымызды алып келсек болады ма дегені сабақ аяғында. Шығып алып ойлап қоямын, бізде мұндай йогаға баласын әкелмек тұрмақ, үлкендердің өзі бармас еді деп . Негізі, индустар отбасылық қарым-қатынастың түнгі өмірінің маңыздылығына аса көп мән беретініне аянбыз ғой, бірақ дәл осындай елу жеті жылдық тарихы бар осындай йога бар дегенді біле бермейтін шығармыз Сөз аяғында, сертификат алып шықтым йогаға қатысқан деген. Курсқа жазылыңыз дегеніне келісе алмай, кетіп қалғанша асықтым. Сөйтіп, хатха йоганы ғана білетін мен білім базамды кеңейтіп қайттым Толықтыру: Кейбір кісілер не в ту степке кетіп бара жатыр қиялымен, секең дей ме, сипалау дей ме Олай емес. Бар болғаны таң мен кештің белгілі бір уақытында анусқа жаттығу жасау керек. Қандай жаттығу дерсіз, терең тыныстай отырып, анусты қатты жиыру керек әртүрлі дене жағдайында. Он рет қайталағаннан кейін тілді таңдайға тигізіп мұрынмен терең тыныс алып, оны ауыздан тістене отырып шығару керек. Он төрт жастан бастап жасауға болады екен бұл йоганы. Нәтижесінде не болатыны жоғарыда айтылған Айтпақшц, бұған партнердің қажеті де жоқ, Қарасақал болам деп жариялап қойған екен
Авторы:
balzaminka

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту