Ескі архив · 04.10.2011 11:06

Мағынасыз мелодрама

Титтейден-үлкенге, үлкеннен титтейге талпынып, Талықсып қалатын Үмітім, Сабаңа түстің бе, Мәнсіздік мәні де сарқылып, Жүйкеңнің талшығын тауысып күні-түн. О, сенің Заңғар-Тау арманың әлі де өлмеген, Шырқау көк биікте шытынап тұр оның – Қабағы. Самайын Мәнсіздік Мазмұны Меңдеген, Реңі Ұялмай-ақ, Ұяттың оты боп жанады. Бүгіннің реңі – бояусыз сынаптың сұлбасы секілді, Жолынан жаңылтқан Құрбан қып ғұмырын талайдың. Ертеңнің атынан шымшылап сөлсіз бетімді: Бүгіннің кейпіне бағдарлап қараймын… Бүгіннің бейнесі – сен едің, шынымның, сырымның өлшемі, Жанымның ДҮНИЕСІН аяусыз тонаған. Мұңлы боп тұрып-ақ, сүйемін бес күндік мен сені – Бақытты болсын деп амалсыз сол АДАМ!!!
Авторы:
Tabigat

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту