Ескі архив · 04.10.2011 12:22

Ухо,горло,нос...

"Іш ауырса, тіс ауырса мамам дәрі береді" деп өскен бала едік. Дәрігер дегенге көп қаралмаушы ек. "Құлақтан кіріп бойды алар...«деп Абай жақсы айтып.Құлағым ауырып еді сол жақ шекем көзім бәрі ауырды. „Құлақтың ауруы қайдан пайда болды мына бейбаққа?“деп ойлап отырған шығарсыздар. Тұзым жеңіл ғой мен байғұстың. Әскерден келген жылы жазда бір кластас қыз күйеуге шықты. Тойына бардық. Үстелде отырғанбыз, ойнап жүрген бір бала су пистолетімен құлағымнан атып жіберді, тіреп тұрып. Бұндай ауырсынуды бұрын-соңды сезінбеген ем… Содан,құлағымдағы суды секіріп қайта ағызтып жібергендей болғам. Ахаха-ехехелеп тойды да бітірдік. Ертесі құлағым қатты ауырды. Ішінде күн күркірегендей дыбыстар шықты. Жайлауда әкейге шөп шабысып жатқан едім. Дәрігерге көрінем деген маған әкем „Тышқан көтін көріп жаралы болыпты“, „Түйенің үстіндегі адамды ит қауыпты“ деген мақалдарды айтып сенбестік танытты. Әскерден келіп қыдырғысы кеп жүр деп ойласа керек. Обшым шөпті шабысып кеш те болса дәрігерге барғанымда „барабанный перепонка“ атты пәленің тесілгенін ірақ білдім. Енді, сол пәле сәл су тисе, суық тисе мазалай береді. Сендерге айтарым, құлақтарыңа абай болыңдар! Сурет мына жақтан алынды
Авторы:
Abilakim

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту