Еріккен ойлар: шамамен осындаймыз
Ұнамайды:
-«айланып», "ұрсысу" деп айтатын-жазатын адамдар;
— фантастика қарап отырып: «мынауы таза өтірік енді!» деп каммент айтатын жасы қырықтан асқан мәмбеттер;
— кино қарап отырғанда сөйлейтіндер;
— қазақша жұмбақтар мен ертегілер;
— орысшадан аударылған әнектер;
— әлемдегі оқиғаларға байланысты ҚР Сыртқы Істер Министрлігінің мәлімдемелері;
— Орал, Маңғыстау, Ақтөбе, Атыраудың дизайнерлері жасаған кез-келген баспа өнімі мен баннерлерді;
— Орал туралы Google-дің тауып беретін ақымақ контенттері;
— UzDaewoo;
— Ресей мен посткеңестік аймақта шыққан фильмдер;
— «Мы открылись!» деп, өзінен-өзі қатты қуанышты дүкен-бұтиктерді;
— Оның «Біз ашылдық!» деген аудармасын;
— «Инновация»,«бизнес-процесс» деген сөздер;
— «Сайтымыздың дизайны Сізге ұнай ма?» деген сауалнама;
— «Мақсатымыз — ...» деп басталатын әбауыты бар сайттарды;
— «Еркектер косметикасы» деген түсінікті;
— «Вега-М», «Дан +», «Призма-А» деген сияқты атауы бар фирмаларды;
— Шотпен бірге келген жарнамаларды;
— Қазақша аббревиатуралардың барлығын;
— Гугльбілгіш, викиданышпан адамдарды;
— Сандық сезімі жоқ (миллион мен миллиард бір қой) адамдарды;
— Цифрлік автоматтар теориясын;
— Қазақ каналдарындағы дикторлардың, болашақ дикторлардың, кастингтен өтіп жүрген дикторлардың, кастингтен өтпей қалған дикторлардың барлығын;
— Әмбебап адамдар;
— Біреудің ойы туралы жазатындарды (мысалы, «Сталин, Гитлер Помераниядағы бекіністерін тастап кетуге батылы бармайды деп ойлады», миына кіріп шығып па едің, ептібайымайд???);
— Кез-келген ғылыми атақ;
— MBA сертификаты дегенді, және оған ие адамдардың барлығын;
— Көкжөтел түберкүлез жобаның жетекшісі өзіне «CEO» деген бедж тағып алғанын;
— «Бос уақытында шаңғы теуіп, альпинизммен айналысады» деген резюмесі бар кітап авторларын;
— Спорттың барлық түрлерін;
— Конференция басталып жатқандағы микрофон баптауды;
— Шәйнаңдап нанның сорттары мен бағасын айтып тұратын дүкенші қатындарды;
— Үндістан мен Қытайды;
— Адам болуға үнемі бір кедергіге тап келетін Африка мемлекеттерін;
— Аспанға автоматпен атып тәуелсіздік алғанын жуып жатқан жігіттер бар кадрларды;
— «Советский» заттарды сапалы болды деп ойлайтындарды;
— Тауар сыртына ингредиенттер жазғанды (лібә, «мына сабында триметилбутан жоқ екен» деп, алмай кетсең ше?);
— Боқты өнер деп көрсететіндерді;
— «Малақов+» деген бағдарламада рецепт жазып алып отыратын кемпірлер мен шал-шауқанды;
— Шөп-шалам тұнбаларымен емдеп, және оны уағыздайтындарды;
— Темір есіктерді;
— Мейрамдарды;
— Қыздарды жалпы биологиялық түр ретінде;
— Чупа-чупсты;
— Күнге күйіп кеткен қораптар самсап тұратын дүңгіршіктерді;
— Қор биржаларының жаңалықтарын; индекстерді, фьючерстер мен опциондарды;
— Хайуанаттар паркін;
— «Шымкент-Самара» тас жолын;
— Программалық баяндамаларды, эпохалды мәлімдемелерді;
— Тарихты ғылым ретінде;
— Алғашқы адамдардың тірлігінің реконструкциясын (типінақ, «мынадай үңгірлерде былай қырынан жатып ұйықтаған», жепсің нақ!);
— «Полицейская академия» фильмдерінің заставка музыкасын;
— Коммерциялық ұсыныстарды;
— Қышқылдық-сілтілік баланстың бұзылуын диаграммамен дәлелдейтін сиқты жарнамаларды;
— Телемагазинді тауарларымен қоса; әнебір еттартқышқа, мұзойғышқа, тараққа, үтікке таң қала беретін ақымақ шалды;
— Ұсақ сұрайтын дүкеншілерді;
— 1989 жылдан кейін шыққан қазақ әндерінің барлығын;
— Қурайлыға бара жатқанда зауытқа келе жатқан МАЗ машиналарын;
— Құрашасайға бара жатқанда: «ол жақта үй арзан дейді ғой?» деген әңгіме айтуды міндет санайтындарды;
— Қобдаға кіре берістегі вагон-шәйхана мен "Қазиза" деп аталатын кафенің атауы мен түрін;
— Ойылға бара жатқанда "әкімнің туған ауылы мына жақта ма еді? Жоқ, мына жақта ғой!" деп дауласатын алдыңғы орындықта отырған кісілерді;
— Байғанинге таң ата кіріп келе жатқанда жуынып тұратын саршұнақты;
— Темекіні қалай тастағанын айтатын — темекіні шындап тартып көрмеген адамдарды;
— Бейберекет бірнеше бөтелке арақты ашып тастайтын жігіттерді;
— Тіскебасарды тамақ қылып жейтіндерді;
— Қыздарды өтірік қызғандырып, ләззат алатындарды;
— Компьютер, монитор қораптарын;
— Балконда ет пен кір жайылып тұрғанын;
— Мас болып айттым дейтіндерді;
— Сонидің неге Самсунгтен неге күшті екенін түсіндіре алмайтын менеджерлерді;
— Акцияларды, жеңілдіктерді;
— Жертөле, шатырларда, троллейбус парктері мен жем сарайларда орналасқан университеттерді;
— Құдайды танып, түсініп алдым, енді саған да түсіндірейін деген ниеттегі адамдарды;
— Орынсыз хэппи-энд кинолар мен шығармаларды;
— Жасыл, көк флэштерді;
— Дискаверидегі «Путешествие в прошлое — возможна» дейтін қатып алған жапон шалды;
— Жөйіттерді ғайбаттайтын кез келген әңгімелерді;
— Асылтұқымды иттер мен мысықтарды; оларды жалап, иіскеп, сүйетіндерді;
— Аквариумнен қарызың бар адам құсап бедірейіп қарап тұратын балықтарды.
Ұнайды:
— Амиголармен арқа-жарқа болып, арақ ішу.
— Ақзере.
