Ескі архив · 08.10.2011 22:30

Сәкенге: ұнайды/ұнамайды:

Сонымен маған: -қазақ болу, Қазақ елі: жері, суы, ыстығы/суығы, туған ауылым, оқыған мектебім, футбол көру стадионнан, қазақтар жеңіп жатқан кез-келген спорт шарасы, Тоқтар Әубәкіров, Иманғали Тасмағамбетов, Ғалым Боқаш, балалық шақ, қойкезек, айдалада от жағу, жанған отқа қарап отыру, тезекке пісірілген тапа нанның астына салынған шұжық, дарияға шомылу, Керекинфо, электронды пошта, Нокиа телефондары, күләбі қауын, пунктуальдылық.......................ҰНАЙДЫ! -мәңгүрттер, олардың өз ана тілін білмеу айыбын білімділіктерімен жуып-шаймақ болған тірліктері, менің елімнің ішкі ісіне сырттағылардың араласуы, көлік тығыны, МАИ, трамвай жолдары, Алматыда әлі күнге дейін төбесі жабық стадион болмауы, құрама командамыздың ойындарын қақаған суықта Астанада өткізуі, Бибігүл Төлегенова, Бақыт Сыздықова, оның твиттердегі жазбалары, темекі шегетіндер (қызы болсын, еркегі болсын бәрібір), даңғырлақ музыка, асылған жүгері,… ҰНАМАЙДЫ!
Авторы:
saken

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту