Ескі архив · 10.10.2011 16:37

KILYZAMAN: ұнайд/ұнамайд

Ұнамайды: Көлгірсіген көкбет өзеуреп ертедегіні еске салып, МАШАЙЫҚ қашып құтылыптының керін келтірген кезде; алтын шақта қара бақыр да бұйырмай, қағажу ететін дәнек арман болатын, болатыны несі — қас қылғандай солай қылатын өмірдің әділетсіз тұстарына; делебені қоздырып күй күмбірлететін елдің алды ғой деген азаматымыз қозып кетіп қызды бүлдіріп, салдық құрып жүретініне; Абайдың ұлы болам дегенде күрмеуі көп қу дүния шырғалаңына шыр айналдырып, бір айналдырғанда — он айналдырып Мыстанның қызы қылатынына; Әке жолын қуған баланы қуып кетіпті деп, анталаған дөңайбат тексіз қандендер бірі етегінен, бірі жеңінен тартып, итжеккенге жаптыртқанда; санасы сансырап тұрса да, қисыны түзудің айтып тұрған ақылын қансыратып кететін пысықай шешендер. Ұнайды: 19 ғасырдың екінші жартысының хрестоматиясының тілімен сөйлеген.
Авторы:
satibaldi

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту