Ескі архив · 10.10.2011 15:54

Жүйкең сыр бермей ме?

Бүгін бүкіләлемдік психикалық денсаулық күні (Всемирный день психического здоровья (World Mental Health Day)). Осыған орай, бүгін мынандай мақалаға кезігіп қалдым. (шама-шарқымша аударғаным) Бүкіләлемдік психикалық денсаулық федерациясының бастамасымен бұл күн 1992 жылдан бастап аталып келе жатқанға ұқсайды. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының мәлімдеуінше, бүгінгі таңда планетамызда психикалық ауруға шалдыққан 450 миллионнан астам адам бар екен-мыс. Ал, ең сорақысы, батыс елдерінде (батысқа еліктеуші космополиттердің құлағына алтын сырға) әрбір 7 адамның біреуі немесе параноик/шизофреник болып табылады, немесе депрессия мен алқаштыққа бейім болады екен (пяншіктер опшым). Осыған орай, Бүкіләлемдік психикалық денсаулық күнінің басты мақсаты депрессиялық ауытқуларды, шизофренияны, Альцгеймер ауруын, нашақорлық тәуелділік, эпилепсия, ақыл-ой кемістігін азайту болып табылады екен-мыс. Бұл аурулардың көбеюіне шамадан тыс ақпараттану, мемлекеттегі саяси және экономикалық катаклизмдер (сонда Ливия мен Египеттің халқы наркоман, пяншік, шизик, параноик боп кеткен шығар) әсер етіп, аурудың туындауының алғышарттары стресстер болып табылады-мыс. Қазіргі өміріміз стресстерге толы болып саналады: саяси, экономикалық өмірдегі өзгерістер, жұмыстағы келеңсіздіктер, қарапайым қоғамдық көлікте жол жүрудің барлығы адамның өз стресстеріне мойынсұнуына, одан әрі депрессияға душар болуына әкеп соқпақ. Қазіргі таңда стресс адам өмірінің құрамдас бөлігіне айналды. Адамдар оларды болдырмаудың орнына олармен күресіп әлек деген тұжырымға келіпті. Түйгенім, Сатыбалдының тілімен айтқанда жоғарыда аталған ұйым мен күн қарапайым тиын сындыру үшін ойлап табылған секілді. Сендер не ойлайсыңдар? Пы.Сы. Жүйке талщықтарың талықсымай, асылмай, үзілмей, жұқармай, ашуларыңды сабырға жеңдіріп, сыйластықпен ғұмыр кешулеріңе тілектеспін!
Авторы:
Aldeken

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту