Қаламақы төлесең де...
Биыл 19-20 наурызда Алматы қаласында өткен қазақ блогшыларының алғашқы құрылтайында «Ана мен бала» сайты Kcell-дің 100 000 теңгелік грантын ұтып алған болатын. ҚР заңдарына сәйкес, сыйақының 10 пайызы мемлекетке салық ретінде төленеді екен. Онысын төлегенде, біздің қолымызға 90 мың теңге тиді.
Грантқа ие болған сәтте ол ақшаның аталған сайтқа мақала жазатын авторларға (сайт әкімшілігіндегілерге ақы төленбейді) қаламақы рет берілетіндігін де айтқан болатынмын. Сол айтылғандай, қазірге дейін (алты айда) 90 мың теңгенің 50 мың теңгесі жұмсалды. Жарты жыл үшін бұл соммадағы ақша өте аз. Оның нәтижесін сайтымыздағы мақалалардың жаңару жиігінен көруге болады.
Бізге айтылатын сын сайтымыздың келбетіне байланысты болуда. Сайтты үлкен портал ретінде жасауға мүмкіндік жоқ. Себебі, тұрақты редакциямыз жоқ. Редакция жасақтаудың өзі қыруар қаржыны қажет етеді. Бұл жағынан да біздің мүмкіндік жоқ. Керемет қылып жасау үшін сайттың іші контентке толы болмаса, дизайн, техникалық мүмкіндікт, т.б. «тфәй күйсін» болады.
Біз «Ана мен бала» сайты үшін 90 мың теңгелік гранттан басқа ешқандай қаржылай қолдау алмадық. "Қолдау болмады" деп айта алмаймын, өйткені бұл сайтқа қолдау іздегенім жоқ. Ізденуге, жүгіруге қазірше мүмкіндік болмай тұр. Ал сенімді әріптестер мен бірге істеуге дайын адамдар табылмады.
Барымен базар деп, берілетін қаламақының мөлшерін өзімше белгілеп, авторлардың еңбегін бағалап жатқан жайымыз бар. Мақаланың көлеміне қарай қаламақы да әр түрлі: 500-1200 теңге аралығында. Біреуге көп, біреуге аз болатыны түсінікті ғой. Осы орайда мұндай қаламақыны менсінбейтіндердің бар екендігін, қаламақыны жоғары мөлшерде төлемесек, жазбайтындығын айтатындар да бар. Ондай журиктер «Егемен Қазақстан», «Алаш айнасы», «Айқын» және тағы да басқа республикалық газеттерге мақалалары жариянғандығын айтып, еңбектерінің ақысын жоғарлатуды көздей ме? Маған десе, мақаласы неге ағылшыншаға аударылып миллиондаған данамен тарайтын «New York Times» газетіне шықпайды?! Мені авторлардың мамандығы, жасы, жынысы, қызметі қызықтырмайды. Журналистсымақ оншашақты адамның біздің сайттан бірнеше рет мақала ұрлап газет-журналдарында басқандарын көрдіңіздер.
Солай. Kcell-дің грантын алғандығымыздан хабардар көпшілік «Ақшаны алып, қайда, қалай жұмсағанын айтпай кетті» демес үшін аздап есеп беріп қойғаным жөн болар деп ойладым.
