Ескі архив · 11.10.2011 16:35

Маған ұнаған сізге ұнауы шарт емес :)

Кеш қалсам да Ұнайды: Тамақ: «Оливье», суши, фаст-фуд тағамдары, ыстық сүт, апельсин шырыны, шоколад. Зат: Биік каблук, сәнді сумка, сағат-браслет Адам, табиғат: Күз және күзде туғандар, қыздарын еркелететін әкелер, томпақ пупсик бөпелер, көп тіл білетіндер, ойлау қабілеті алға озып кеткендер, корейдің қысықкөз актер-актрисалары, сән үлгісінің дизайнерлері, модельдер, брэнд болмаса да шығыстанудағы креативті киінетін қыз-жігіттер, Энрике Иглесиас; Керекинфода: кей адамдардағы шынайылық, Meirzhan мен Aizhantabyn-ның шыдамдылығы, TERISKEY ағай сияқты смайликтерді көп қолданатындар Хобби: кітап оқу (әсіресе шетел әдебиеті), тоқу, би, жалғыз қалғанда ән айту, коньки тебу, өзімді өзім әр қырынан фотоға түсіру, әсіресе сотканы ұстап түсу, ауылдағы огород, Айданамен (құрбым) сабақтан соң кафешкаларда (фри+кетчуп+сок с трубоч.) немесе кешкісін үйдің алдындағы беседкада әңгімелесіп отыру; Спанч Боб мультигін көру) Ұнамайды: Майлы торт, бешбармақ, шемішке, каша «Неге жігітің жоқ» деп сұрай беретіндер(осында бір қыздың эстафетасында да болған), патриотизм дегенді қазақ тілін білу деп қана түсінетіндер, кейбір діни адамдардағы өтірік сыпайылық, ауылдан келген қыздардың шаштарын сап-сарыға бояп алып, аялдамаларда айғайлап сөйлеуі, жігіттердің тротуарларда түкіре беруі, жасанды тырнақ+жасанды кірпік+баттасқан макияж. Керекинфода: кей адамдардағы жасандылық; «ұнамайды» дегенге «топас адамдар» деп жаза берушілік; рейтингімді себепсіз түсіріп тастай беретіндер Пы.Сы. «Ұнайды» дегенге жанұясын жазуды дұрыс деп ойламаймын, тек олардың жақсы қылықтарын жазса; жанұя «ұнайдыдан» жоғары тұрады.
Авторы:
Esmeralda

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту