Ескі архив · 11.10.2011 11:38

Омар быраттың "ең-еңңдері"

Алдыңғы эстафетаға қатыспап едім. Пернетақтаны «ең-ең-еңңң» дегізіп от алдырып, мына эстафетаға бірдеңе жазып жіберейін деп, сол… )) Тоздырмай, ең ұзақ киген киімім. Братанның маған бере салған бір қысқа жеңді шақпақ жейдесі бар еді. Соны бес жаздай кидім. Ең ұзақ киген аяқ киімім. Бірінші курста бір қыстық бәтіңке алып едім. Ішінде «Estilo» деген ба, бір жазуы бар. Бірінші курстан бастап, оқу бітіріп, жұмысқа кірген бірінші жылға дейін бес қыс кидім соны. Іші кәдімгі қойдың жүнімен қапталған болатын. Үшінші жылдан бастап уылтарақ тықырланып, ер-тоқым қаптайтын былғары сияқты жылтырап кетті Ең қымбатқа алған киімім. Алдыңғы жылы 18 мыңға алған пуховик курткам. (Алдыңғы күні бір дүкенге кірсем, пуховиктің бағасы көрсетілген қағазға "Түбітовик" деп аударып жазып қойыпты ) Киімнен басқа сатып алған ең қымбат затым. Мәшинем. Мен сатып алған ең қымбат зат бола тұра, ең арзан бағаға алғанымды атап өтпей күнәһар болатын жайым жоқ екенін де атап өтейін. Механика қорапты мәшиненің бағасына техникалық күйі дыңдай (идеальный) типтроник қорапты көлік алып едім. Үй-ғимарат атаулыдан шығып көрген ең жоғарғы қабат. Екінші курсты бітірерде, жазғы каникулға шыққанша 12 қабатты үйдің он екінші қабатында тұрдық. Ең ұзақ жұмыс күнім. Былтыр жұмысқа таңғы 9.30-10.00 шамасында келіп, үйге түнгі 4-те қайттым. Еске түсіре алғаным осы екен. «Еңеңіңді ұрайын, осы-ақ па?» деп жүрмеңдер
Авторы:
omarbirat

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту