Ескі архив · 12.10.2011 10:35

Euro 2012 іріктеу ойындары аяқталды

Кеше түнде іріктеу ойындарының топтық кезеңі аяқталды. Еуро 2012-ге тікелей шыққан командалар және плэй-оффқа қалғандар белгілі болды. Тікелей жолдама алғандар: Польша мен Украина (алаң иелері), Германия, Ресей, Италия, Франция, Голландия, Грекия, Англия, Дания, Испания, Швеция (ең үздік 2-ші орын алған команда). Плэй-оффқа қатысатындар: Түркия, Ирландия, Эстония, Босния, Хорватия, Черногория, Португалия, Чехия. Бұл жерде рейтингтеріне байланысты топтық кезеңге 5-ші дорбадан қатысқан Черногория мен Эстонияның ерлігін айта кету керек. Әсіресе эстондардың жетістігі өте үлкен жетістік. Өз ойындарын 2-ші орында аяқтап, соңғы турда Сербияның Словениядан сүрінуін күтті олар. Словендер серб пенальтиін қайтарды және гол соғып, жеңіп кетті. Қазір Эстонияда мейрам, плэй-оффтан өтулері қиын әрине, бірақ сонда да үлкен жетістік бұл. Плэй-офф жеребесі ертең өтеді.
Авторы:
arshatoraz

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту