ҰНАМАЙДЫ!!!! ұнайды
Ұнамайды:
балық аулауға бара жатқанда әйелімнің кенет ауыра қалатыны, бітпейтін бір қонаққа бару міндеті, жұмыста ананың-мынаның туған күніне жиналатын алым-салықтар, түнде бала жылағанда әйелімнің жорғалап кетпейтіні, қыртылдатып, өзін дін ғұламасы ретіннде танитындар, қандай да болмасын фанатиктер, жұмысқа ішіп келетіндер, кешігіп жүретіндер, жолдағы тормоз жүргізушілер, пешеходтар, полиция қызметкерлері, шенуніктер, әсіресе бастықтарынікін жалағыш шенуніктер, санай берсең көп обшым…
Ұнайды:
Ол да көп, мысалы, балық аулағанды (қай уақытта болсын), ертесіне балконда тұрып кофе ішкенді, дөп тиген сөз, «Абай жолының» бірінші томы, Александр Блоктың өлеңдері, Вивальдидің «Жыл мезгілдері», Рамазан Стамғазиев пен Бекболат Тілеуханның орындауындағы әндер, Астана-Бурабай тас жолында 240-пен машина айдағанды.
