Ескі архив · 12.10.2011 10:32

"Қой сорпасы" (жасалу әдісі)

Үйдегі сүйіктіңізге сюрпризді соңғы рет қашан жасадыңыз? Өткен сенбі күні Кәмшатпен отасқанымызға бір жылдың жүзі болып еді, күннің дәстүрліден ерекше өтуін қаладым. Жұма күні жұмыстан кейін гүл дүңгіршегіне барып сатушымен келісіп қойып едім, сенбі таңертең ерте келіп, ең әдемі қызыл розаның бір шоғын сыйлады кіреберісте. Ұйықтап жатқансыған сыңай танытып, есікті әдейі өзім ашқаным жоқ. Сенбі күні үйге жылу берілетін болғасын, үйден шыға алмай қалдық. Мерекелік трапезаны үй шарттарында дайындауға болмайды деп кім айтты? Ешкім. Жанұям үшін айрықша күні өз қолыммен жасаған «Қой сорпасының» дайындалу жолымен сіздермен бөліскім келеді: Алдымен қазанды жақсылап қыздырып, аздап май құйып, пиязды қызартамыз. Сосын сүйегі, майы бар қойдың етін саламыз қазанға. Көкөністерді жақсылап жуып, тым майдалап жібермей тураймыз. Ет шамамен жиырма минуттай жон арқасын қыздырып ала тұрғаны жөн, сосын туралған сәбізіміз бен картобымызды қосамыз. Күз мезгілі мәуенің пісіп-жетілген уағы. Сорпаға әдемі дәм берсін деп жасылдан да қостым аздап. Оны табаға алдымен аздап қуырыңқырап алған дұрыс. Көп емес, 5-7 минут көлемінде. Сосын қазанға жалпы массаға қосамыз. Барлық құрамдасы салынған сорпамыз орташа отта бір жарым сағаттай жақсылап піскені дұрыс. Еттің бойындағы нәр сорпаға сіңіп үлгеретін уақыт дәл. Қалауыңызша ингредиенттерді ауыстырып отыруыңызға болады. Тамаққа аскөкті турап, солай берген мақұл.
Авторы:
Nurgisa

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту