Өзіңізге қандай баға бересіз?
Сәлем Әлем!
Осы сұраққа жауап бере аласыз ба? Бірден? Әлде уақыт керек? Мүмкін қиналатын шығарсыз?
сілтеме
Бұл сұрақты көбіне шетелдік компанияларға жұмысқа қабылдау кезінде жиі қоятынын байқадым. Алғаш рет өзіме қойылғанда тосылып қалғаным рас. Мұнда бір-екі ауыз сөзбен құтыла алмайсыз, не де болса ықшамды шағын презентация керек.Кібіртіктеп қалмас үшін, алдын-ала ойыңызды жинақтап алғаныңыз жөн.
Сонымен жақын арада осы сұрақтан аман-есен шығудың бір амалын тапқандай болдым. Оған координатор әріптесім көмек берді, содан шағын анықтама. Төменде кездескен пункттен қайсысы өзіңізге жақын болса, соны белгілеп, болашақта қандай да сұхбат, кездесулерге бара қалған жағдайда өзіңізді көпшілік алдында таныстыруда көп көмек беретініне сенімім мол.
1. Мен өз әріптестеріммен қоғамдық орындарда жиі кездесіп тұрамын.
2. Мен серіктеріме проблемасын шешуде нақты не істеу керектігін айта алмаймын.
3. Тимбилдинг -жақсы идея.
4. Мен әріптестерімнің туған күндерін жаттай алмаймын.
5. Мен экстровертпін.
6. Менің бастығыма менің жеке ойым аса қызықты емес.
7. Маған жалақы тек жақсы нәтижелер үшін төленеді.
8. Менің ойымша, басқалары жұмысты менен жақсы жасайды/істейді.
9. Мен басқа адам болғым келеді.
10. Мен еркектер мен әйелдерді бөліп-жарып қарамайтын адамға ғана жұмыс жасар едім.
11. Мен өз күшімді білемін.
12. Мен жұмыстан тыс уақытта да қалып, жұмыс жасай беремін және оған еш қарсылығым жоқ.
13. Мен адамдарға олардың жеке басының проблемасына үнемі көмектесіп тұрамын.
14. Мен кеңседегі барлық өсек-аяңды естіп/біліп отырамын.
15. Кеңседегі «кішігірім» топтар жайлы қалжыңдарды күлкілі деп ойламаймын.
16. Менің ойымша, үйдегі проблемалар анда-санда жұмыстағы проблемаларға ұласып кетеді.
17. Мен өз қателерімді мойындаймын.
18. Мен жұмыс уақытында өсек айтуға құлықты емеспін.
19. Мен ештеңе жасамаудан ләззат алмаймын.
20. Мені адамдар сынап жатқанда, күйзеліске ұшыраймын.
21. Мен әріптестеріммен жақсы қарым-қатынастамын.
22. Мен жаңа адамдармен кездескенді ұнатамын.
23. Мен кейбір жұмыстарды үйге аламын.
24. Мен күндіз ұйықтаймын.
25. Мен компьютермен жұмыс жасағанды ұнатамын.
26. Маған жұмысқа қабылдау сұхбаттары ұнайды.
27. Әріптестеріме менімен бір ортада болған ұнайды.
28. Жұмыста жоғарылау компанияда көрсеткен қызметімнің ұзақтығына сай болуы керек.
29. Маңызды шешімдер қабылдау мені мазасыздандырады.
30. Жұмыс ертең де жалғаспақ.
ПыСы.Бұл — кәсіби аударма емес, егер әлдеқандай өзгерістер немесе ескерту жасағыңыз келсе, мархаба! Алып-қосарыңыз болса, әңгіме жоқ.
