Ескі архив · 13.10.2011 19:33

Қазақ тiлiнде оңай жазу

Қазiргi таңда қазақша жазу оңай жұмыс емес. Себебi, қолданатын пернетақта жүйемiз орыс тiлiне ыңғайландырып жасалған. Қазақ тiлiне тән әрiптердi теру үшiн сандарға арналған түймелердi қолдану керек. Бiрақ осы мүшкiлдеу жағдайды айналып өтуге болады. Қалай дейсiз ғой. Былай; 1. CrazyKeys 2. Mozilla Firefox + Transliterator 0.7 Алдымен CrazyKeys туралы. Бұл бағдарламаның қазақшаға бейiмдеу қажет. Бiрақ оны iстеу үшiн компьютерден хабардар болу ләзiм. Немесе осы посттың астына өзiңiздiң е-маилiңiздi қалдырыңыз. Мен өзiм жасаған бейiмдеменi сiзге жолдаймын. Екiншi тәсiл. Mozilla Firefoxты компьютерiңiзге қондырып, плагиндер арасынан Transliterator дегендi шолу керек. Тапқасын орнату түймесiн басып, оп-оңай түрде шолғышыңызда қазақ әлiппесi пайда болады. Бұл латын әлiппесiн қазақ әлiппесiне алмастыру арқылы орындалады. Негiзi qaztranslit.com сайтынан алынған.
Авторы:
kafarik

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту