Ескі архив · 14.10.2011 13:15

Берекесі қашқан kk.wordpress.com

Қазақ блогосферасы wordpress блогтұғырында кең етек жайғаны бәрімізге аян. Қазақша блогтарды топтастыру мақсатында арнайы kk.wordpress.com жүйесі де қалыптасқан еді. Алайда соңғы кездері бұл блогтұғырдың бір ашылып, бір жабылып берекесі қашқан сияқты. Осы жазда діни-экстремизмге байланысты ашылған бір блогтардың кесірінен мемлекет тарапынан бүткіл kk.wordpress.com жүйесі жабылған еді. Кейін тек сол қауіпті блогтарды ғана жауып, қалған қазақ блогтары қайта қалпына келген сияқты болған. Ал қазір Мегалайн пайдаланушыларына kk.wordpress.com жүйесі мүлде ашылмай, қазақша блогтар бір ашылып, бір ашылмай әбден мезі етті. Проблема wordpress.com блогтұғырының өзінен бе, әлде провайдерден бе, белгісіз. Алайда көптеген қазақ азаматтары блогтардағы ақпараттарды пайдалана алмай дал болуда. Блог жүргізушілер болса өз блогтарын басқара алмай ыңғайсыздануда. 2007 жылдан бері қазақ тілінде 500-ден аса блог тіркелген. Оларға салынған мәліметтер санын есептей беріңіздер...
Авторы:
Zere

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту