Ескі архив · 14.10.2011 14:51

Бізде де бар көңілді хабарландырулар мен атаулар

Өзіме ұнайтын бір бағыт бар. Ол қызық та тапқыр атаулар, креативті әрі күлкілі (күлкінішті емес!) хабарландырулар. Әдетте ресейлік сайттардан жиі көремін осындай әпенде жазуларды суретке түсіріп алып жариялаған материалдарды. Біраз күннен бергі сондай түсірген суреттерім менде де жиналып қалған екен, соны Сіздермен бөлісейін дедім. 1. Қаладағы атақты супермаркеттің ішінен түсіріп алып едім. 2. “Захер” деген атауы күлдірді. Шымкенттен базарлық. 3. ”Тігін…хана” құлаққа түрпілеу естіледі екен. 4. Дека мен Сека жарады))) Компанияларының атауы мықты. 5. Өзі көкнәр қосылған болса, өзінің атауы “Улыбка” болса, маған не қыл дейсіз… 6. Мына суретті бұрын жариялаған едім. Ағылшын тілін жақсы білетіндер, айтыңдаршы, дұрыс па осы сөз, жоқ па?
Авторы:
qisyq

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту