Ескі архив · 14.10.2011 03:37

Ең, ең, ең және тағы да ең

Ең бірінші рет интернетті 9-ды бітіріп колледжге түскенде көрдім. Мэйл.руды сайт деп ойлап, ашып алып мәз болғанмын Ең алғаш рет Ақзеренің «Ақын, Махаббат, Періште» деген блогына кіріппін. Машинамен ең жоғары жылдамдық 180-ге алып барған етінмін. Одан әрі де асар ма еді, қасымда отырған әкем ұрсып берді. Ал, айдап көрген машиналарымның ішіндегі ең крутойы тайота камри 20 болса, ең нашары «запарожец» етін. Ең бірінші рет өзімді жаман сезінген кезім 09-09-09 болатын. Сол күні Айдананың туған күні еді. Қолымда сыйлығым бар, бармаймын ба құттықтап. Шықты. Айтатын сөздерімді айтып, сыйлығымыды ұсынып едім, алмай қойды. Анау-мынау деп кетіп қалған. Сосын маған хабарласпашы деп смс жазып жіберіпті. Қайта звондасам не телефонын алмайды. Өзімді өте қатты жаман сезіндім. Біреумен төбескім келді, таяқ жегім келді. Екі квартал жаяу жүріп тиісетін адам таппадым. Әшейінде тоқтатып темекі сұрайтын біреуі де жоқ. Салбырап үйге келдім сосын. Ең қатты қуанған кезім алғаш рет әкімшілікке жұмысқа кіріп, айлығымды алған кезім. Өзімнің еңбегімнің нәтижесін көріп көңіл шат-шадыман болды. Бірінші рет аяғымды 6-сыныпта оқып жүргенде шығарып алдым. Тайым бар тұғын. Сонымен құмнан қайтып келе жатқанда үркіп кетті. Содан аяғымның бармағы шығып кетіпті. Бір ай ауырсынып жүрдім. Бірінші рет өзіме жек соткіні 2008-де алдым. Ақ түсті, экраны жасыл болып жанатын «зте». Алғашқы болғасын қымбат па әлі зте мен пасуорд ұнайды. Ең, ең, еңдер әзірге осы. Еске түсіп жатса жаза жатармыз
Авторы:
konvict

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту