Ескі архив · 14.10.2011 10:31

Elem kazaktarining hazahsha aripterdi zhazu ülgileri

Транслит туралы екі мақалаға барып, сыпай тұрде айтқанда, құсып кеттім. Тұсауларын «біреудің ала жібін аттамасын» деп, ала жіппен кессе кескен шығар. Бірақ менікін олай кеспеген екен. "Қыстырылып жүрсін" деп, дамбалдың резеңкесімен кесіпті. Тілеуханның айтайын дегені ол емес… Жер планетасындағы қазақтардың (Марстағыларын есепке алмағанда) жетерліктей бөлігі шетелдерде тұрады. Олар тұрған елдеріндегі жазу-сызу мәдениетіне қарай саналуан түрлі болып асассимиссацияланған. Мәсекенки, Ауған асып Түркияға барып қоныстанған қазақтар түрік тіліндегі eripterdi kullana otırıp latınşa kazak sözderin yazadı. Buğan kalai üyrenemiz? Доғры ма, достар? Ал мынау тұрған hetaileh hazahtar mwldem baska latin aripterin paidalanade. Казакстандагы казактар мал агент болып кетпесе, қазақшаны дұрыс жаза алады. Ресейдегі казактар Aigolek-ке еликтеп, казакша ариптердін орнына орысша баламасын колданады. Латын америкасындағы арғын амиголар Hespañol juiliq aripterimen kazajo sozderdi gazadi. Еспаниолша шүлдірлеген арғындардан қалыспаған гастарбайтер түріктердің алманиялық қазақ достары kasachstandik äriptesterimen scharualarin ünemi Internet arkili scheschessssedi. — Äi, katin, Shchetkam kaida mening? (Әй, қатын, щеткам қайда менің?) Солай солай кете береді мысалдар. Осындайда латын әріптерінің алақ-жұлақ болып қолданылуын көргенде адам баласы транслит туралы қалайша ойланады? Лібәттар, айтсам, «айтты», "Қолыңнан келсе неге өзің істемейсің?" дейсіңдер. Қалай істейсің жоғарыдағыдай былыққан жүйеде? Қараңдар, бір ғана қазақша әріп "Қ" әр turli zhazıлады еqен: h — қ q — қ k — қ kh — қ Енді Ғ әрібінің жазылуын қараңдар: ğ — ғ g — ғ gh — ғ Ж әрібінің жазылуын қараңдар: j — ж zh — ж dsch — ж g -ж Латын әріптерін транслит арқылы қазақыландыру үшін, сол латынның әріптерін birizdi etip alaiық. Сол кезде жұмыс жеңілдейді. А так, қолымнан бұтақ өсіре алатын программист емеспін. Транслиттің дамуына қосар бұтағым осы ғана.
Авторы:
Qojeke

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту