Ескі архив · 14.10.2011 11:44

Елім-айлап өткен 10 жыл....

Посттың тақырыбы шындыққа жанаспайды, жәй жарнама ғой, Хасан Оралтайдың «Елім-айлап өткен өмір» атты кітабінің аты есіме түскені. Айтайын дегенім бүгін менің Қазақ топырағына аяқ басқаныма тура 10 жыл толыпты. Әлі есімде сол бір кез… қорғас шегарасының іркілдеген семіз қызметкері бізді өткізбей ақша сұрағаны, одан әупірімдеп өткен соң енді кедергі жоқ шығар деп жүре бергенімізде, алдымызды солдаттар кесті. Беті күнге күйіп мейлінше қарайған екі солдат автобусқа кіріп келіп 500 ден жинағаны бар еді. Атамекенге деген алып ұшқан сезім су сепкендей басылып, көңіліміз түсіп-ақ кеткен еді сонда. Е содан бері жақсылығында көрдік қиындығын да бастан кештік. Біз алғаш келгенде қандай еді Алматы. 1. үйдің бағасы арзан. 3000-10000 аралығында пәтерлер. 2. Қала тым жұтаң еді. 3. Ақша құнды еді. 4. Оралмандар аз, қадыры бар еді. Есіме түскендері осы қазірше, Тәуелсіз қазақ мемлекетінің барына мыңда бір шүкір!!!
Авторы:
serjan

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту