Ескі архив · 14.10.2011 03:03

Плагиат детектед

Сырым Исабаевтың орындауындағы әнді YouTube-те тыңдай отырып, әуені басқа қазақ әніне ұқсайтынын байқадым. Сырым және Мадина — Тек сен. Жігіттер тобы — О, махаббат P.S. Плагиат деуге болмайтын шығар. Себебі композиторларын білмеймін, бір композитор болуы мүмкін. Әуендері ұқсас емес, тіпті бір екен ғой. Тек сөздері әр-түрлі. Және әншілер өздерінше орындайды. Қазақтарда бір әнді бірнеше әншілердің орындай беруі қызық. Композитор мен әнші арасындағы келісім тек сөз жүзінде сияқты.
Авторы:
meirzhan

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту