Ескі архив · 15.10.2011 12:42

Тежегішің қалай?

Жаңа құрбым хабарласты агентпен. Нервісі құрып отыр. Департамент директоры (еркек) бөлімдеріне келіпті де құрбыма: «Пәленгүл, дабай шай ішейік» депті. Сол кезде құрбым: «Онан да жұмыс істейік» деп дүңк ете қалыпты. Сол кезде екі бөлімнің бастығы да отыр екен, яғни әлгі директордың қол астындағылар. Ұятқа шыдамаған дирдеп жынданып кабинеттен шығып кетіпті. Әлгіні естіп әуелі жақсылап күліп алдым да, кейін ақыл айта бастадым. «Есің дұрыс па, все-таки бастығың емес пе, шай қоя салсаң нең кетеді? Өз басыңнан артық секірме, бұл өте қауіпті». «Білмеймін, өзімді ұстай алмай қалдым, автоматты түрде шығып кетті» дейді. Сосын отырып-отырып «не істесе де өзі білер, бірақ енді шай сұрамайтын шығар» дейД Ал сенің тежегішің сыр бере ме? Қандай жағдайда?
Авторы:
AKY

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту