56,8 пайыз қазақ жігіттері қызбен алғашқы кездесуге 10 мың теңге жетеді деп ойлайды
Қаншалықты шындық екенін өздерің бағамдаңдар, бірақ Beu.kz -те өткізілген сауалнаманың нәтижесінде
56,8 пайыз қазақ жігіттері қызбен алғашқы кездесуге 5-10 мың теңге жетеді деп ойлайды,
13,6 пайыз жігіттер «жол пұлым болса болды, кездесуге бара беремін» депті.
11,2пайыз бөріктінің бір кешке алып шығатыны 20-40 мың екенін айтыпты.
10,4 пайыз "қанша алып шықсам да жетпейді" деп шағымданады.
Әлбетте, көбі кездесу шығынын қыз көтерсе, немесе жартысын көтерсе де қарсы емес екенін байқауға болады.
Енді мына қызықты қараңыз, кемінде 8 пайыз жігіттердің пікірінше, алғашқы кездесудің шығындарын толығымен қыз көтеруі керек екен, яғни ақша қыздан, ал ұйымдастыру жігіттен екеніне сенімді екен.
