Гүлдерді аяймын
Гүлдерді аяймын!
Ғұмыры қас-қағым.
Басқаға жеткізіп,
Сезімін басқаның.
Солады оңай-ақ,
Қидым да жас жанын.
Апардым, саспадым,
Бірер күн суға сап,
Лақтырып тастадың.
Қайтесің оны аяп,
Гүлдерді аяймын,
Аяймын нәзікті,
Сұлу боп жаралған.
Сол үшін жазықты,
Баянсыз сұлулық,
Жанымды қажытты.
Гүлдерді аяймын!
Бейбіт Сарыбай
