Ескі архив · 19.10.2011 00:14

Стратиллат Меңдешев. "Реинкарнация"

Барзақтың ұзыннан-сонар кезегі әйтеуір жылжып, кезек — кеше өлген Муапық Раймондоға да келіп жетті. Шива оған алая қарап: — Тарақан қылжіверсем — тым қатал болатын сияқты: бала күніңде храм өртеніп жатқанда сөндіруге қолұшыңды бергенсің бе… — деп, Тағдыр Кітабына үңілді. — Иә, иә! — деді Муапық. Со бір болмашы ісі есіне түсіп, өлердей қуанды. -Тәйт! — деді Шива үшінші оң қолымен өңменінен итеріп, — әрі тұр! Күнәлерің де шаш-етектен! Масқара! Мына жерде… Шива Тағдыр Кітабына үңіле түсіп, көздері адырайып кетті. -… А? Масқара! 34 жасыңда храмнан менің алтын мүсінімді ұрлап сатжівергенсің бе нақ??? Муапық қазір төбемнен жай түспесе, онда тасымнан қысқашпен қысып алатын шығар деп, көзін тарс жұмды. -Жоғал! — деді Шива ашудан сол жақ үш қолының саусақтары дір-дір қағып, — жоғал! Мен сені қазір… Імм… Сені мен… Ммм… Ешкіге айналдырам! Келесі өмірде ешкі боласың! Сол сәтте қараспан айналып, дөңгеленіп, шатыр-шұтыр тарсылдап, жар-жұрқ жарқылдап, дүния әлемтапырық болды да, Муапық «бақ!» етіп, әлдекімнің қорасына топ етіп түсе қалды. … Муапық суатқа барғанда ғана өзінің түрін анық көрді: келісті қарасақал ешкі боп қалыпты. Шопан да мейірімді жан сияқты. Шөп те шүйгін, су да мөлдір екен. Жаңа орта Муапықты таң қалдырды. Шынын айтқанда, храм тонағаны үшін жаратқан Шива тезекқоңыз әлде есекқұрт қылып жіберетін шығар деп қорыққан. Маңдайыма пілдің боғын күнұзаққа домалатып азық қылу жазылатын шығар деп ойлаған. Жоқ, қателесіпті. Соған қарағанда, бала күніндегі храм өртенгендегі көмегінің сауабы барлығын шайып кетсе керек. Бірақ бір жағынан, бар күнәсі — байқамай сиыр етін жеп қойған Болат Мэнсонды Шива неге соншама жазалап, ішекқұртқа айналдырып жіберді? Храм тонаған мен сайран саламын да, аңдаусызда харам ас ішкен бейшара Болат біреудің тоқ ішегінде сендлемек пе? Әділет қайда? Е, құдай екеш құдекең де арасында әділетсіздікке бой алдыратын сияқты деп ойлады Муапық, балғын бетегені бырт-бырт күйсеп тұрып. Сол-ақ екен: қасына қаланың екі кісісін ерткен шопан да үйірге жақындап, Муапықты көрсетті де: — Мынадай ешкі жарай ма? — деді. — Это у шефа надо узнать — деді кісінің біреуі. Сосын мобиласына жармасып: — Алло, будьте добры Ермека Турсунова… Алло Емрек, привет! В общем нашли тут козу, ну, черненькая такая, симпотная! Брать? Құдекеңнің шын мазағы санасына енді жеткен Муапық талықсып бара жатты…
Авторы:
satibaldi

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту