Қолданушы рейтингтері
Сайтта минус пен плюстің жыры көбейіп кеткендіктен, бағалау жүйесіне өзгерістер енгізіп отырмын. Бұдан кейін:
• Пікірлерге баға беру үшін рейтингі кем дегенде 3 болуы керек;
• Қауымдастыққа баға беру үшін рейтингі кем дегенде 4 болуы керек;
• Тақырыпқа баға беру үшін рейтингі кем дегенде 5 болуы керек;
• Қолданушыға баға беру үшін рейтингі кем дегенде 2 болуы керек;
Ал, тақырып алғашқы бетке шығуы үшін 8 балл жинауы керек.
Осылайша тек минус/плюс қою үшін тіркелген өтірік аккаунттардың еш күші болмайды. Жаңа қолданушылар рейтингтерін көтерулері үшін еңбек етулеріне тура келеді. Жақсы пост, пікір жазса рейтингі де тез көтеріледі.
Жоғарыдағы сандар аз ба? Тағы да қосайын ба? Пікірлеріңді күтемін.
