Ескі архив · 20.10.2011 11:03

Сізге арақ ішкен жаға ма?

«Арақ адамды аздырады, өз көрін өзіне қаздырады» деген сөз құлаққа түрпідей тигенімен, бұл – шындық. Осы әзәзілдің өмірімізге ентелей еніп, дастарқаннан кетпей қойғаны өкінішті. «Ауру қалса да әдет қалмайды» деген осылайша шындыққа айналды. Бірақ арақ-шарап барлық адамға жаға бермейтіні және рас. Ендеше, жұлдыз жорамалыңызға да бір үңіліп көріңіз, ащы су сізге қалай әсер етеді? Тоқты. Тоқты үшін ішімдіктің қауіптілігі сол – есінен танып жығылғанша ішеді не ойланбастан кездейсоқ іс-әрекетке барады. Спирттің буына масайраған тоқты көтеріңкі көңіл-күймен күшіне сеніп, ерсі қылықтар көрсетуі мүмкін. Торпақ. Артық кеткен «дозаның» өзін жақсы көтереді. Дегенмен торпақ ішімдіктің буымен ойламаған жерден абыржып, делебесі қозып, қисынсыз күш көрсетуі ықтимал. Егіздер. Егіздердегі бір артықшылық – ептеп ішімдік ұрттағаннан соншалықты зардап шекпейді. Өйткені олар ащы суға құмар емес, қызықпайды да. Шаян. Олардың ішкі сезімдері өте тұрақсыз болғандықтан, ішімдікті көтере алмайды. Тіпті градусы төмен сырадан да уланып қалуы мүмкін. Оның жүйке-жүйесінің сезімталдығы соншалық, түрлі отырыстарда сәл ұрттаған ол өзгелер күлген сайын қайғырады. Арыстан. Ол ішу мөлшерін біледі. Соған қарамастан, мастығын өзгелерден жасыруға бейім. Мұндайда ол беделін жоғалтуы да мүмкін. Арыстан үшін бұдан артық қауіп жоқ. Бикеш. Оған ішімдік қатты әсер етеді. Сол себепті өз денсаулығын сақтау үшін байқағаны дұрыс. Мұны бикештердің көпшілігі білетіндіктен, «жынды судан» аулақ жүреді. Таразы. Олардың арасында салына ішетіндер сирек кездеседі. Стақанды тек «достық» және айналасындағылардың көңілді отыруы үшін ғана көтереді. Сары шаян. Маскүнемдікке салыну оның өміріне қауіп төндіруі мүмкін. Ол өзін-өзі ұстай алмай, өзіне қастандық жасауы да ғажап емес. Мерген. Ол үшін асыра сілтеп жібермеу қажет. Өйткені ішімдік атаулыға бірден елітіп қалады. Бауыры спирттік ішімдікті көтере алмайтындықтан, оның денсаулығы бірден сыр береді. Тауешкі. Арақ-шарап ішудегі мақсаты – жан дүниесін тынықтырып, жақсы бір күй кешу. Алайда оның сондай «деңгейде» кері әсер беретіндігін де ескеру керек. Ішімдік оны қалағандай рахатқа бөлемейді, қайта мұңға батырады. Ішімдік – Тауешкілерді уайымға апаратын жол. Суқұйғыш. Ішімдікке құмарлық – оларға туа біткен қасиет. Бұдан оның жүйкесі әлсірейді. Балық. Бұлар арақ-шарап ішуге бейім келеді. Олардың өзін-өзі шектеуге тырысқан әрекеттері – бос еліктеу. Сондықтан ішімдіктен түбегейлі бас тартқаны дұрыс. Мақала сілтемесі: «Айқын» газеті. (сілтеме жоқ, бұрынғы версияларынан алынған)
Авторы:
arshatoraz

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту