Уа, шешендер! Суретті түсіндіріңдерші!
Ескерту: "Әзіл әзәзілден" деп ойлайтындар бірден ALT+F4 -ті басыңдар. Сендерге қызық ештеңе жоқ бұл постта.
Ал қалған шешеңдер, тойыс шешендер менің жаңа (біздің сайтта) идеяммен танысып, қолдайтын, қолдамайтындарыңды білдіріңдер.
Бұл ой маған иммиджбордаларда демотиваторларды көріп жүрген кезде-ақ келген, бірақ иммиджбордалар көбіне лағып, ләйліп кететін оқушыларға толы болғандықтан, оған кішкене шектеу қойып, сол идея аноним емес сайттарда қолдануға да болады деп ойладым.
Идея былай.
Сайтқа кез-келген адам пост ретінде сурет қоя алады.
Жай ғана сурет емес, суреттің аса танымал болмағаны жақсы, (тіпті қаламмен салынған болса да) танымал сурет те бола береді, бірақ фишки.ру -дан ұрланған емес, неғұрлым Қазақстан жайлы, қазақстанға қатысы бар болса.
Қатысушылар не істейді? Қатысушылар, оған түсіндірме коментарий жазуы керек.
Түсіндіргенде, «менің ойымша пәлен-түген сияқты» деген мұңайған пікірлер емес,
Екі үш сөзден тұратын алдымен суреттің атауы, және бір сөйлем түсініктеме жазуы керек.
АТАУЫ
ТҮСІНДІРМЕ
• Басқа еш шектеу жоқ. Юмор, пафос, цинизм немесе тым байсалды, патриоттық па ия әлжуаз ба, ол жағы өз талғамыңызға байланысты.
• Бастысы тек пікір формасы «АТАУ» сосын бір ауыз «түсіндірме» түрінде болуы керек.
Қалай бастаймыз ба? Ал кеттік. Мына суретке қандай түсініктеме бересіз?
