Ескі архив · 25.10.2011 11:58

Абай шеше алмаған жұмбақ

Абайдың (Ибраһим) ауылында (немесе көрші ауылында,әйтеуір)Қисбай есімді бір кісі өмір сүрсе керек. Ол кісі маңайындағы адамдарды қисық сөзбен түртпектеп отыратын, тіпті екі-үш жерде Абайды да тосылтқан адам болған екен. Бір күні Абай сыйлы адамдармен отырса, үстіне Қиясбай кіріп келіпті. -Қарағым, Абай, сені жұрттың бәрі данышпан дейді ғой.Менің бір шешуін таба алмай жүрген есебім бар еді, соның дұрыс жауабын айтып жіберсең… -Ақсақал, айта беріңіз-деген екен Абай. -Екі жүз ешкіде қанша мүйіз болады? -Қиеке(Қилеке емес), өзі екі жүз ешкі болса, ешкіде екі мүйізден болатын болса 400 мүйіз емес пе? -Әй, Абай қарағым-ай… Сонда ол екі жүз ешкінің ішіндегі тоқал ешкілері қайда, мүйізі сынған ешкілер қайда?-деген екен Қиясбай.
Авторы:
Abilakim

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту